06 мамыр 2024 17:40

Қазақстанда жеке куәлік өзгереді: құжаттарды жаңарту қажет пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі жеке куәлік дизайнының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, қазақстандықтар құжатты ауыстыруы керек пе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі жеке куәлік дизайнының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Атап айтқанда, қазақстандықтар құжатты ауыстыруы керек пе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, қолданыстағы "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңда құжаттарда міндетті түрде болуы тиіс деректер тізбеленген. Атап айтқанда, заңның 7-бабында құжаттарда (туу туралы куәлікті қоспағанда) азаматтығы мен жынысы туралы мәліметтер болуы тиіс делінген. Бұрын бұл ақпарат жеке куәліктерге салынған чиптерде болатын.

Комитет төрағасының айтуынша, жеке куәліктің дизайнын өзгерту бастамасы бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді және азаматтардың жаңа құжат бергені үшін төлейтін алым сомасына әсер етпейді. Жаңа дизайн мақұлданып, күшіне енгеннен кейін құжаттарды дайындайтын зауыттардағы жабдықты қайта конфигурациялау ғана қажет болады.

Полицей қазақстандықтарды алаңдатқан сұраққа да жауап берді: жоспарланған жаңартуларға байланысты жеке куәлікті ауыстыру қажет бола ма?

"Бұл әрекетті орындаудың қажеті жоқ және жарамдылық мерзімі аяқталмаған құжаттар өз күшін сақтайды және қазақстандықтар оны қолдана алады. Қазақстандық азаматтар жаңа үлгідегі құжаттарды өз бетінше, мерзімі біткен кезде немесе басқа да себептермен куәлік беруге өтініш берген жағдайда ғана алады. Жеке куәліктерді жаппай бір мерзімде ауыстыру жоспарланбайды", - деп сендірді Аслан Аталықов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 464.8   490.7   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети