Форт-Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Форт-Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды Форт-Шевченко тұрғындарының фотосы/ Lada.kz

Форт-Шевченко қаласында тұрғындар өз күшімен Каспий теңізі жағасында заманауи демалыс аймағын жабдықтады. Жергілікті жастардың қалаға тарту еткен шағын сыйлығы ауқымды қоғамдық жобаға айналды, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Форт-Шевченко қаласында тұрғындар өз күшімен Каспий теңізі жағасында заманауи демалыс аймағын жабдықтады. Жергілікті жастардың қалаға тарту еткен шағын сыйлығы ауқымды қоғамдық жобаға айналды, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, идея 2025 жылдың жазында туындаған. Сол кезде жастар қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуды ұйғарып, жағалауға демалушылар үшін үш үстел орнатқан. Содан кейін олар бұл эстафетаны келесі буынға - 1991 жылы туған тұрғындарға береді. Олар да өз бастамасын іске асырып, челленджді әрі қарай өзгелерге ұсынады.

Жобаға біртіндеп жаңа қатысушылар қосыла бастады. Нәтижесінде жағалауда күркелер, ағаш кереуеттер, әткеншектер, кәуап пісіретін орындар, үстелдер және жайлы демалысқа қажетті басқа да нысандар пайда болды. Айта кететін жайт, мұның бәрін кез келген адам тегін пайдалана алады.

Фото Lada.kz

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бүгінде бұл жағажай қаланың ең танымал орындарының біріне айналып, тек қалалықтарды ғана емес, туристерді де қызықтырады.

"Қазір бізге қонақтар көп келеді. Ақтау мен Форт-Шевченко арасында күн сайын автобустар қатынайды, сондықтан көбі теңізге бір күнге келеді. Бізде теңіз таза, жағажай абаттандырылған және демалыс үшін жақсы жағдай жасалған", - деді жоба бастамашыларының бірі.

Абаттандыру жұмыстарының бюджеттік қаржыландырусыз және ресми бағдарламаларсыз жүргізілгені назар аудартады. Барлық жұмыс тұрғындардың өз бастамасымен атқарылған.

Сәтті тәжірибе белсенділерді жаңа идеяларға шабыттандырды. Енді олар қоғамдық кеңістіктер мен қала көшелерін абаттандыру бойынша басқа да жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

TengriTravel
;