Қазақстандық бойжеткен әлеуметтік желіде Мысырға жасаған саяхаты туралы әсерлі видео жариялап, атақты пирамидалардың шын мәнінде қалай көрінетінін көрсетті. Саяхатшының айтуынша, алған әсері ол күткендей болмай шыққан - көне құрылыстардың айбыны суреттер мен туристік роликтердегіге қарағанда мүлдем басқаша қабылданады, деп хабарлайды Tengri Travel.
Пирамидаларға саяхат
Қазақстандық Арайгүл Кисан 11 маусымда достарымен бірге Шарм-эль-Шейхте демалды. Демалыс кезінде компания әлемнің жеті кереметінің бірін көру мүмкіндігін жіберіп алмай, Каирге экскурсия сатып алуды жөн көрген.
Жол ұзақ болып, топ түнде автобуспен жолға шыққан. Жолда туристерді музейге апарып, гидтер ежелгі Мысыр тарихы туралы айтып берген, одан кейін түскі ас ішіліп, содан соң ғана саяхатшылар пирамидаларға бет алған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Мысыр сервисі
Арайгүлдің айтуынша, діттеген жерге жеткенде аумақты жаяу аралау оңай емес екені белгілі болған.
Қашықтық жақын көрінгенімен, іс жүзінде әлдеқайда алыс болып шықты. Сондықтан 10 доллар төлеп, компания ат арбаға отырған.
"Сол сәттегі эмоциялар ерекше болды - әрі қорқынышты, әрі күлкілі. Барар жерімізге, халық айтқандай, "ішіміз түйіліп" жеттік", - деп бөлісті ол.
Экскурсия кезінде туристер жергілікті туризмнің тағы бір ерекшелігіне тап болды: кейбір тұрғындар қосымша ақыға түрлі қызметтер ұсынады. Мысалы, ер адамдардың бірі пирамидалар фонында суретке түсуге көмектесіп, содан кейін ол үшін бір доллар сұраған.
Дәл осы пирамидалардың жанында Арайгүл телефонын алып, қысқа ролик түсірген, кейін оны TikTok пен Instagram-да жариялаған.
"Негізі бұл жай ғана әзіл ретінде түсірілген еді", - дейді автор.
Бірақ аудитория видеоны шынайы қабылдаға - реакцияларға қарағанда, көпшілік бұл "күткен нәтиже мен шындық" (ожидание vs реальность) сәтінен өздерін таныған.
Күткен нәтиже мен шындық
Арайгүлдің айтуынша, пирамидалар іс жүзінде ол сапар алдында елестеткендей болмай шықты. Танымал орындарда жиі кездесетін жағдай - суреттер мен туристік роликтер бір бейнені қалыптастырады, ал тікелей көргендегі әсер мүлдем басқа болады.
Дегенмен, уақыт өте келе оның көзқарасы өзгерген.
"Пирамидалардың тарихын біліп, олардың маңыздылығын түсінген кезде, ақша жұмсап барғаныма өкінген жоқпын", - деп атап өтті ол.
Мұндай орындардың басты құпиясы да осында болар: олар әрдайым бір көргеннен таңғалдыра бермейді. Бірақ олардың артында не тұрғанын білгенде, олар мәңгі жадыңда қалады.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың басынан бастап Мысыр туристер үшін кіру ережелерін өзгертеді. Басты жаңалық - әуежайларда қағаз миграциялық карталардан бас тарту. Tengri Travel қазақстандықтарға сапар алдында қажет болатын өзекті ақпаратты жинақтады.
Мысырға демалыс жоспарлап жүрген саяхатшылар елге кіру кезінде мынаны да есте сақтауы тиіс:
- міндетті түрде декларациялау арқылы 10 000 долларға дейін (немесе басқа валютадағы баламасы) әкелуге рұқсат етіледі;
- жергілікті қолма-қол валютамен 5000 мысыр фунтына дейін рұқсат етілген;
- тұқымдарды, өсімдіктер мен көшеттерді әкелуге тыйым салынған - олар карантин қызметімен тәркіленіп, жойылады.
Ал Мысырдан шыққан кезде 10 000 доллардан астам ақша алып шығуға болмайды. Сондай-ақ есірткі, қару-жарақ және жеке пайдалану мөлшерінен асатын электронды құрылғыларды алып шығуға тыйым салынады.