Том Холланд алғаш рет Зендеямен некесі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Том Холланд алғаш рет Зендеямен некесі туралы айтты Фото:depositphotos.com/ Image Press Agency

Том Холланд Зендеямен некелескенін алғаш рет ресми түрде растады. Сондай-ақ актер олардың қарым-қатынасы неге ерекше екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Life.


Том Холланд Зендеямен некелескенін алғаш рет ресми түрде растады. Сондай-ақ актер олардың қарым-қатынасы неге ерекше екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Life.

Том Холланд пен Зендея ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Актер үйлену тойы туралы жаңа сұхбатында айтып, осылайша бірнеше ай бойы тараған қауесетті алғаш рет көпшілік алдында растады.

Variety басылымы мәліметінше, Холланд салтанатты рәсімнің отбасы ортасында өткенін айтқан.

"Тойда бәрі болды", - деді актер екі отбасының жақын туыстарын меңзеп.

Жұп жеке өмірлерін құпия ұстауға тырысады, сондықтан ерлі-зайыпты рәсімнің егжей-тегжейін ашпады.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Variety (@variety)

Сұхбат барысында Холланд Зендеяның қасында ғана болашаққа деген нағыз сенімділікті алғаш рет сезінгенін мойындады.

Оның айтуынша, екеуі де жұрт назарындағы өмірдің ерекшелігін жақсы түсінетіндіктен, олардың қарым-қатынасы кез келген сынаққа төтеп бере алады.

"Біздің қызмет саламыз кейде өте күйзелісті жағдайларға тап қылады, сондықтан уақыт сынынан өтетін берік қарым-қатынас іргетасының болуы керемет нәрсе. Біз бір-бірімізге ешкім бере алмайтын қолдау көрсете аламыз, өйткені мұндай өмірдің қандай екенін тек біз ғана шын түсінеміз. Меніңше, бұл - үлкен бақыт, өйткені мен басқа біреумен осындай дүние құра аламын деп елестете де алмаймын", - деп бөлісті ол.

Холланд Зендеяны тек жары ғана емес, сонымен қатар ең жақын досы деп атады.

Актердің айтуынша, ол дәл осы адамның жанында алғаш рет бұрын жетіспеген қолдауды сезінген.

"Мен өз адамымды таптым", - деп ағынан жарылды ол.

Tengrinews