22 маусым 2014 17:22

Футбол: әлем чемпионатының 11-ойын күнін қайдан көруге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ntv.ru Фото ntv.ru

Бүгін 22 маусым Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 11-ші ойын күні деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүгін 22 маусым Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 11-ші ойын күні деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22:00-де Рио-де-Жанейро да "Маракана" стадионында Ресей мен Белгияның құрама командалары ойын көрсетеді. Бұл екі команданың ойынын "Еуразия бірінші арнасы" тікелей эфирден көрсетеді.

Артынша 01.00-де Оңтүстік Корея мен Алжир командасы кездеседі. Бұл командалардың кездесуі Бразилияның қаласы Порту Алегрияда "Бейра-Рио" стадионында өтеді. Бұл ойынды да "Еуразия бірінші арнасы" тікелей эфирден көрсетеді.

Ал сағат 04:00 Манаус қаласында "Амазония" стадионында Португалия мен АҚШ командалары кездеседі. Бұл кездесуді тікелей эфирде, "Қазақстан" және KazSport телеарналары көрсетеді.  Жалпы, аталған кездесулерді ғаламтор арқылы мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ, "Қазақстан" телеарналары арқылы тікелей эфирде жүргізілетін чемпионат толық кестесін мына жерден көруге болады.

Айта кету керек, аталған ойындармен әлем чемпионатының екінші туры аяқталады.

Еске салайық, Бразилиядан 2014 жылғы футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Чемпионаттың толық кестесімен көрсетілген сілтемені басу арқылы танысуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети