Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейде өтеді - УЕФА президенті

27 Наурыз 2014, 16:39
0
Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейде өтеді - УЕФА президенті - УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: sport-xl.org
УЕФА президенті Мишель Платини. Сурет: sport-xl.org

УЕФА президенті Мишель Платини Астанада өтіп жатқан ұйымның жиналысы барысында АҚШ-тың кейбір саясаткерлерінің 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігін Ресейде өткізбеу үшін байкот жариялау керек деген ұсыныстарына және Украина клубтарының Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

mso-border-alt:none windowtext 0cm;padding:0cm;mso-ansi-language:KZ;mso-fareast-language:RU;mso-bidi-font-weight:normal">"Украина командалардың Ресей біріншілігінде өнер көрсету тұрғысында бізде ешқандай қиындық жоқ. Өйткені, қос тараптан да бізге ешқандай өтініш келген жоқ. Украинадағы саяси жағдайларға байланысты бұл елде көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Бірақ, бізге әлі ресми хат келмейінше, ешқандай әрекет жасамаймыз. Сонымен қатар соңғы уақытта 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатын Ресейде өткізбеу керек деген әңгімелер де шығып жатыр. Шынын айтсам, мұндай пікірлерге біз қазір құлақ аспаймыз. Себебі, байкотты экономикалық келісім-шарттарда, елшіліктерге жасауға болады. Бірақ, неге екені белгісіз футболда да байкот жариялаушылар көбейіп кетті. Саясаткерлер өз жұмысымен айналыссын. Біз өз жұмысымызды тиянақты істеп жатырмыз. Егер, аяқ астынан күтпеген оқиға болып қалмаса, онда 2018 жылғы әлем біріншілігі Ресейде өтеді", - дейді Мишель Платини.

Айта кетейік, футболдан Украина біріншілігінде өнер көрсететін "Севастопль" мен "Таврия" клубтары Қырым референдум жариялаған соң Ресей біріншілігіне өтуі мүмкін деген еді. Ал, Ресейдің Украинаға қатысты саяси әрекеттеріне байланысты Украинаның және АҚШ-тың бірнеше саясаткерлері Ресейді УЕФА және ФИФА құрамынан шығарып, бұл елде әлем чемпионатын өткізбеу керек деген ұсыныс тастаған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай