©REUTERS
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен футбол қауымдастығының IFAB халықаралық кеңесі ресми түрде футболды сәлде мен хиджаб киіп ойнауға рұқсат етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұндай шешім қауымдастықтың Цюрих қаласында өткен жиыны барысында мақұлданды. "1 маусымнан бастап біз футболшылардың спорттық киімінің ішінен киетін футболкаладардағы жазуларды толығымен алдыртып тастаймыз. Ол мейлі жарнамалық болсын, мейлі біреуге деген тілек немесе сезімі болсын футболшылар ештеме жаздырмайтын болады. Дегенмен біз футболда сәлде мен хиджаб киіп ойнауға рұқсат етеміз. Ол үшін спортшы киген хиждабы немесе сәлдесі денесіне жабысып, спорттық киімімен түстес болғаны абзал", - дейді ФИФА хатшысы Жером Вальк. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл қауымдастық футбол ережесіне тағы өзгеріс енгізуі мүмкін. Атап айтар болсақ, ережені дөрекі бұзған футболшы үшін "қызыл қағаздың" орнына "үшінші сары қағаз" беру және алаңда орын алған келеңсіз жайттарды төреші мұқият бейнебақылаудан көру секілді өгерістер қарастырылуда.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен футбол қауымдастығының IFAB халықаралық кеңесі ресми түрде футболды сәлде мен хиджаб киіп ойнауға рұқсат етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мұндай шешім қауымдастықтың Цюрих қаласында өткен жиыны барысында мақұлданды. "1 маусымнан бастап біз футболшылардың спорттық киімінің ішінен киетін футболкаладардағы жазуларды толығымен алдыртып тастаймыз. Ол мейлі жарнамалық болсын, мейлі біреуге деген тілек немесе сезімі болсын футболшылар ештеме жаздырмайтын болады. Дегенмен біз футболда сәлде мен хиджаб киіп ойнауға рұқсат етеміз. Ол үшін спортшы киген хиждабы немесе сәлдесі денесіне жабысып, спорттық киімімен түстес болғаны абзал", - дейді ФИФА хатшысы Жером Вальк.
Айта кетейік, алдағы уақытта бұл қауымдастық футбол ережесіне тағы өзгеріс енгізуі мүмкін. Атап айтар болсақ, ережені дөрекі бұзған футболшы үшін "қызыл қағаздың" орнына "үшінші сары қағаз" беру және алаңда орын алған келеңсіз жайттарды төреші мұқият бейнебақылаудан көру секілді өгерістер қарастырылуда.