Футзалдан Еуро-2022 плей-офф кезеңіне қатысатын командалар анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Еуро-2022 плей-офф кезеңіне қатысатын командалар анықталды ©УЕФА

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро-2022 чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро-2022 чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

1/4 финалға соңғы жолдаманы топтық кезеңдегі финалдық ойында Грузия құрамасын 8:0 есебімен жеңген Испания құрамасы жеңіп алды.

Осылайша, испандықтар жеті ұпай жинап, D тобында Грузиядан (6) озып, бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін плей-оффқа Португалия, Украина, Финляндия, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын.

1/4 Еуро-2022 финалының жұптары келесідей:

Португалия - Финляндия (31 қаңтар)

Қазақстан - Украина (31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні)

Испания - Словакия (1 ақпан)

Ресей - Грузия (1 ақпан).

Еске салайық, Еуро-2022 топтық кезеңінде Қазақстан Словениямен тең түсті (4:4), кейін Финляндия (6:2) мен Италияны (4:1) жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети