Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдегері анықталды © afckairat.kz

"Қайрат" клубы футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" клубы футзалдан Қазақстан кубогының қола жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші орын үшін ойында алматылықтар Щучье қаласында талдықорғандық "Жетісумен" ойнап, 4:2 (2:0) есебімен жеңіске жетті. Еске салайық, осыған дейін "Қайрат" биылғы маусымда бірінші рет жеңіліп, жеті жылда бірінші рет финалға өтпей қалған еді. 

Қазақстан кубогының иегері бүгін рудныйлық "Аят" пен "Ақтөбе" арасындағы ойында анықталады.

Айта кетейік, биыл "Қайрат" Қазақстан чемпионаты аясында екі ресми ойын өткізеді. 24-25 желтоқсанда алматылықтар Рудныйда "Аятқа" қарсы ойнайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети