Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрама командасы Алматы қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында футзалдан өткен Студенттік лига ойындарында 2 орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ-дың ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық аймағынан 19 команда қатысып, бақтарын сынады.
ТарМПИ-дың Өнер және мәдениет факультетінің Дене шынықтыру мамандығында оқитын студенттерінен құралған құрама топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, ширек финалды Семей мемлекеттік медицина университетінен басым түсті. Ал жартылай финалда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аяқ доп шеберлерін 8:6 есебімен ұтып, ақтық ойында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасымен кездесті. Тартысты өткен сайыста ТарМПИ құрамасы 4:2 есебімен алматылық футболшыларға жол берді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сертификаттарға ие болып, ауыспалы кубокпен марапатталды.