Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды © Vesti.kz

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша спортшылардың рейтингінде көш бастап келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша спортшылардың рейтингінде көш бастап келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасса, үздік үштікті 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кэйла Харрисон қорытындылап тұр", - делінген федерацияның сайтында.

Галбадрах Отгонцэцэг үшін Абу-Дабиде өткен "Grand Slam" турнирі Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осыған дейін қатысқан барлық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, осы күнге дейін 10 жарыста - 5 алтын, 2 күмс, 3 қола медаль иеленген.

Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг 48 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін "Grand Slam" турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен "Grand Prix" турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тиблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети