Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Галышева 2018 жылғы Олимпиаданың финалына шықты

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева оңтүстіккореялық Пенчандағы 2018 жылғы Олимпиадада могулдан іріктеу жарысында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева оңтүстіккореялық Пенчандағы 2018 жылғы Олимпиадада могулдан іріктеу жарысында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Галышева 76.36 ұпай жинап, жетінші болды. Осылайша ол бірінші мүмкіндігінен дода финалына шықты. Финалға он үздік шыққан. Бұл іріктеуде француз спортшысы Перрин Лаффон 79.72 ұпай жинап, көш бастап тұр. 

Сондай-ақ, бұл жарыс түрінен Қазақстан атынан тағы бір спортшы Аяулым Әмренова шыққан. Ол 26-шы болып, бірінші мүмкіндігінен финалға кіре алмады. Енді 11 ақпанда оның финалға шығатын тағы бір мүмкіндігі болады. Финалға шыға алмағандарға іріктеу Астана уақытымен 16:30-да басталады, ал финал 18:00-де басталады.

25 жастағы Галышева карьерасында осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр: 2010 жылы 11-орын, 2014 жылы жетінші орын алған. Ал 16 жастағы Әмренова Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети