WBA (Super), IBO мен WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин "2014 жыл боксшысы" атағына үміткер, - деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA (Super), IBO мен WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин "2014 жыл боксшысы" атағына үміткер, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жылдың ең үздік боксшысын америкалық әйгілі спорт басылымы Bleacher Report дауыс беру бойынша анықтайды. Басылым Геннадий Головкиннен басқа филиппиндік Мэнни Пакьяоны, ресейлік Сергей Ковалевты, мексикалық Сауль "Канело" Альваресты, америкалық Теренс Кроуфордты және тағы да басқа үміткерлерді оқырман назарына ұсынып отыр. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша айдың үздік боксшысы деп танылған болатын. Қазақстандық боксшы 18 қазан күні АҚШ-та (WBA (Super) және IBO орта салмақта) мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC уақытша чемпионы белдігіне ие болды және өз титулын сәтті сақтап қалды. Геннадий Головкиннің ендігі жекпе-жегі Монакода 2015 жылдың 21 ақпанына белгіленген. Қарсыласы - орта салмақта әлем чемпионы атағының бұрынғы үміткері, ағылшын Мартин Мюррей.