Геннадий Головкин тағы бір қызметке тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі.

Сонымен қатар оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі – боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.

Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де өкілдері еніп, боксты Олимпиадалық қозғалыс ортасында қалдыруға арналған ірі жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.

World Boxing 2023 жылдың сәуірінде құрылды. Қазіргі таңда ұйым құрамына әлемнің 44 мемлекетіндегі Ұлттық федерациялар енген.

Мемлекеттік қызметтегі мансабы

Головкин – 2024 жылдың 27 ақпаны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне тағайындалды. Спортшы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын босаған Тимур Құлыбаевтың орнына келді.

"Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланғанмын. Басты міндеттердің бірі – халықаралық қатынастарды нығайту", – деді боксшы.

Головкин – IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Ол Олимпиада ойындарының күмісін де жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro