Гимнастшы қыздар Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтынды салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гимнастшы қыздар Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтынды салды Сурет ХОК баспасөз қызметінен

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жарысында командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жарысында командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Команда сапында 16 жастағы Даяна Абдиребекова, Алина Әділханова және Адиля Тілекенова бар. 

Финалда алты құрама сайысты. 159,850 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Өзбекстан (155,300) мен Оңтүстік Корея (151,100) құрамалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. 

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық сайыста Азиада ойындарында 2006 және 2010 жылдары жеңімпаз атанған еді. Катардың Доха қаласында өткен Ойындарда Әлия Юсупова, Айдана Қаулдашева мен Майя Зайнуллиналар жеңімпаз атанды, ал төрт жыл өткен соң корялық Инхон қаласында өткен жарыста Анна Алябьева, Мизана Исмаилова, Мадина Мұқанова және Марина Петраковалар алтын медальды алды. 

Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 жарысында Қазақстан құрамасы жеті алтын, сегіз күміс пен 28 қола медаль алып, жалпы есепте оныншы орында тұр. 

 

16-летние гимнастки принесли Казахстану седьмое "золото" на Азиаде-2018 . Женская сборная Казахстана по художественной гимнастике завоевала "золото" в командном соревновании. В составе команды выступали 16-летние Даяна Абдиребекова, Алина Адильханова и Адиля Тлекенова. . В финале выступали шесть сборных. Казахстанки заняли первое место с результатом 159,850 баллов, опередив Узбекистана и Южную Корею, которые набрали 155,300 и 151,100 очков соответственно. . Для сборной Казахстана это "золото" стало седьмым на Азиаде-2018. Всего в активе команды 43 медали, из которых восемь серебряных и 28 - бронзовых. . #азиада2018 #казахстан #золото #индонезия #kazakhstan #teamkz #vestikz

Публикация от Vesti.kz (@vestigram)

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети