Головкин ақпан айының үздік боксшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин ақпан айының үздік боксшысы

WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин "Спорт-Экспресс" басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2 ақпан күні Геннадий Головкин Монакода өткен Осуману Адамаға қарсы кездесуінде өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл - қазақстандық боксшының шаршы алаңда өткізген 29 кездесудегі 29-ыншы жеңісі еді. Головкин оның 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Айта кетейік, "Спорт-Экспресс" басылымының нұсқасы бойынша Головкин - Адама кездесуі ақпан айының үздік жекпе-жегі деп те танылған. Ал, ертеректе Головкинге Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы (WBA) қаңтар айының үздік боксшысы атағын берген. Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 сәуір күні өткізуі керек еді. Бірақ, әкесінің қайтыс болуына байланысты бұл кездесуді кейінге шегерген. Шет елдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол енді келесі кездесуін жазда өткізеді. Оның қарсыласы Хулио Сезар Чавес болуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети