Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды gggboxin

Геннадий Головкин ресми түрде халықаралық бокс даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин ресми түрде халықаралық бокс даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды.

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы орта салмақтағы ең табысты мансаптардың бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Көп жыл бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.

Кәсіпқой боксқа өткен соң Геннадий Головкин аты дүркіреген чемпиондардың біріне айналды. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін де иеленді.

"Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар қатарында ресми түрде аталады. Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети