19 мамыр 2021 | 15:38

Головкин жекпе-жектерінің бірінде Скриптонит ән салғанын қалады - Баста

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Баста деген лақапатпен танымал музыкант Василий Вакуленко қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі жекпе-жегінде Скриптонит (Әділ Жәлелов) ән салғанын қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Баста деген лақапатпен танымал музыкант Василий Вакуленко қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі жекпе-жегінде Скриптонит (Әділ Жәлелов) ән салғанын қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Геннадий Головкинмен сөйлесіп тұрамын. Ол жекпе-жектерінің бірінде Скриптонит ән салғанын қалайтынын айтты. Алдында (шайқас. - ескерт.) Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де. Ол ойы орындалмады. Бірақ оның өзі өте керемет. Себебі Скриптонит қазақы музыканы бейнелейді. Ол өзін-өзі қалыптастырған адам. Геннадий сияқты - аңыз адам", - деді Вакуленко "Руки выше" youtube-арнасына берген сұхбатында. 

Головкинмен қарым-қатынасы туралы айта отырып, Баста қайырымдылық аукционында боксшы сыйға тартқан қолғапты ойнатқанын есіне алды.

"Бір керемет сәт болды. Ол HBO үшін фильм түсірген еді. Онда Гена "Сансара" атты өлеңімді қолданған (2017 жылы шыққан Бастаның әні. - ескерт.)", - деді Баста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети