Головкин Лемьемен өтетін жекпе-жегінің билет құнын атады

04 Тамыз 2015, 08:32
0
Головкин Лемьемен өтетін жекпе-жегінің билет құнын атады - © Тout-sur-la-boxe.net
© Тout-sur-la-boxe.net

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF чемпионы Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің билеттері 12 тамыздан бастап сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Головкин Twitter парақшасында жазды. Құны 50, 100, 200, 300 және 500 доллар болатын билеттерді жекпе-жек өтетін Madison Square Garden аренасының кассасынан немесе Ticketmaster.com сайтынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай