31 желтоқсан 2014 | 14:25

Головкиннің "Мен төбелескенді жақсы көремін" дегені - жылдың қанатты сөзі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©boxingscene.com Геннадий Головкин. ©boxingscene.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы Геннадий Головкиннің "Мен төбелескенді жақсы көремін" деген сөзі FightNights.com порталының нұсқасы бойынша 2014 жылдың қанатты сөзі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы басылым Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады: "Best Quote of the Year: "I like fight".

Иконка комментария блок соц сети

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин осы жылы өз титулын үш мәрте сәтті қорғады. Ол Осуману Адама, Дэниэл Гил және Марко Рубионы тізе бүктірді. Айта кетейік, осы үш жекпе-жекте де қазақстандық боксшы нокаутпен жеңді. БАҚ-тардың мәліметінше, боксшы өз жекпе-жектерінің 90,3 пайызын нокаутпен аяқтады. 2008 жылдан бері қазақстандыққа қарсы ешкім соңғы раундқа дейін жұдырықтаса алмады. Келесі кездесуі 21 ақпанда Монакода өтеді. 32 жастағы қазақстандыққа қарсы бұрын әлем чемпионы титулына үміткер болған британ Мартин Мюррей шығады. Боксшылар жекпе-жектің өтетіні туралы ресми түрде хабарлады. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин әлемнің жеңілмейтін боксшыларының бірі болып танылған еді. Бұл рейтингті Bleacher Report америкалық танымал порталы жасаған. Қазақстандық бұл тізімде бесінші тұр. Чемпион мансабында өз салмақ дәрежесінде жеңілуді білмейтін үздік 12 боксшының қатарына кірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети