Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Голубев Федерерге қарсы ойынға дайындығы жайлы айтты

24 Ақпан 2014, 15:26
0
Дэвис Кубогы үшін қазақстандықтарға Швейцарияның Роджер Федерер, Станислас Вавринка сияқты атақты теннисшілерімен сайысқа түсуге тура келеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев кездесу қарсаңындағы ойлары жайлы әңгімелеп берді. Спортшы Дэвис Кубогы алдында бірнеше жеке турнирге қатысқалы отырғанын айтты. Бірақ Голубев қазірдің өзінде Швейцариямен арадағы ойынның тартысты болатынын жасырмайды. "Әрине, тірі аңыздарға қарсы, "Үлкен дулығаны" жеңіп алып отырған адамдарға қарсы ойнау оңай емес. Бірақ қалай болғанда да, бұл бізге де, көрерменге де жақсы кездесу болады, тұтастай алғанда, Қазақстандағы теннис үшін аса пайдалы", - дейді теннисші.

Голубевтің айтуынша, Федерер мен Вавринкаға қарсы ойында ешкім ешқандай басымдыққа ие бола алмайды. Соған қарамастан, теннисші кездесуге жақсылап дайындалатынын айтты. "Мұндай командаларға қарсы ойнау - әрқашан жоғары дәреже, сонымен бірге, өз-өзіңді көрсетуге зор мүмкіндік", - дейді ол.

Қазақстан теннисшісімен сұхбатты толығырақ мына жерден оқуға болады.

Бұған дейін Дэвис Кубогы кездесулерінде Қазақстан Бельгияны 3:2 есебімен жеңіп, рейтингтің 8-орнына орналасқан еді. Кейін Қазақстан құрамасының алдына 1/8 финалда жеңіске жеткен екі басқа команда шықты. Олар - Италия мен Швейцария құрамалары. Сөйтіп, Қазақстан 10-шы болып тұр.

Еске сала кетейік, Андрей Голубев Астанада "Челленджер" сериясының теннис турниінде жеңімпаз атанған болатын. Ол Дубайдағы турнирде және АҚШ-та екі "мастерсте" өнер көрсеткелі отыр. Дэвис Кубогы үшін бәсеке Женевада 4 сәуірде басталады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай