Грек-рим күресінен Азияның екінші алтынын Ерұлан Ысқақов еншіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грек-рим күресінен Азияның екінші алтынын Ерұлан Ысқақов еншіледі Суретте – Ерұлан Ысқақов. Фото: confederation.kz

Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері тағы бір алтынға қол жеткізді. Бүгін Ерұлан Ысқақовтың бағы жанып, құрлық чемпионы атанды, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері тағы бір алтынға қол жеткізді. Бүгін Ерұлан Ысқақовтың бағы жанып, құрлық чемпионы атанды, - деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz.

98 келі салмақ дәрежесінде боз кілем көрігін қыздырған Ерұлан финалда жапон жігіті Акира Осаканы алып ұрды. Жауырын жерге тигізіп, Азия чемпионы атанды.

Ол алғашқы белдесуінде тәжік Хабиболло Абдуллаевты айқын басымдықпен жеңген болатын. Ширек финалда Қытай балуанын да бұйым құрлы көрмеді. Жартылай финалда Үндістан үмітін де сегіз бал айырмасымен ұтып, басымдық танытты.

Ал финалда жапон жігітін боз кілемге алып ұрғанын жоғарыда айттық. Осылай қарсыластарының бәрін қоғадай жапырып, өз салмағында теңдессіз танылды.

Бұл – Таңат Сағындықов жаттықтыратын грек-рим күресі шеберлерінің екінші алтыны. Кеше 85 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрсұлтан Тұрсынов құрлық чемпионы атанған. Осылай екі алтын аламыз деген бас бапкер сөзінде тұрды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети