28 ақпан 2019 | 10:42

Хабиб жартылай жалаңаш актриса қатысқан спектакльді сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Instagram желісіндегі парақшасында 23 ақпанда Махачкалада көрсетілген ""Охота на мужчин" спектаклін сынға алды. Спортшыға жартылай жалаңаштанған актриса ұнамай қалған.


Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Instagram желісіндегі парақшасында 23 ақпанда Махачкалада көрсетілген ""Охота на мужчин" спектаклін сынға алды. Спортшыға жартылай жалаңаштанған актриса ұнамай қалған.

"Бұл видеоны жаңа ғана көрдім, мұндай пасықтықты желіге салғым келмеді. Бұл үшін кім жауапты және бізде Дағыстанда мұндай іс-шараларды кім ұйымдастырады? Тағы да айтайын: БІЗДЕ. Дағыстан - бұл біздің жеріміз, мұнда осындай шараларды ешкім ұйымдастырмауы тиіс. Алланың атымен ант етемін, Дағыстан еркектері оянып, тәртіп орнатпайынша, жағдайымыз нашарлай береді. Республиканың үкіметі қайда? Шенеуніктеріміз қайда? Бұған кім жауап береді? Дағыстан - бұл соңғы кездері БІЗГЕ енгізгісі келетін нәрселердің емес, ар мен абыройдың, намысты еркек пен инабатты әйелдердің жері", - деп жазды Хабиб 25 ақпанда.

Бір күннен кейін спортшы бұл жазбасын өшіріп тастап, видео жариялады.

"Неге Дағыстан билігі үндемейді? Неге бәрі үндемей, қаланың ортасындағы порноны мақұлдап отыр? Әлде адамдардың көшеге шыққанын қалай ма? Бізді арандатып, қорлаудың керегі жоқ, бәрінің өз шектеуі болады. Айтыңдаршы, жалаңаш еркектер мен әйелдер қаланың ортасында спектакль өткізіп, сүйісіп жатқанын еліміздің заңы мақұлдай ма? Дағыстан билігіне айтар кеңесім: тергеу жүргізсін, ұйымдастырушылар заң бойынша жазаланып, халық алдында кешірім сұрасын және енді мұндайды қайталамасын. Мұндай шаралар республика министрлігі мен үкіметінің бақылауында болсын. Дағыстан үкіметіне айтарым: егер бәрі әлеуметтік желідегі жазбамен бітеді деп ойласаңдар, қателесесіңдер, уақытында шара қолданыңдар", - деп жазды Нурмагомедов.

Осыдан кейін қойылымның актері әрі продюсері Иван Жидков "дағыстандық көрермендерді абайсызда қорлағаны" үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, италиялық классикалық пьеса көптеген жылдар бойы бүкіл әлемде көрсетіліп келеді.

"Әр халықтың өз дәстүрлері мен қағидалары бар, біз оны құрметтейміз. Бірақ бәрі осынша қатаң түрде болатынын білген жоқпын. Болған жайт Дағыстанда концерт немесе спектакль ұйымдастырғысы келетіндерді цензура туралы ойландырады деп санаймын", - деді Жидков.

Дағыстан мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі спектакль өткен Достық үйі олардың ведомствосына кірмейтінін айтты.

Әлеуметтік желілерде спорт жұлдызының пікірін қолдағандар да, оған қарсы болғандар да бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети