07 қазан 2018 | 12:08

Нурмагомедов қарсыласы МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Беймиш Елнар © Беймиш Елнар

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнир жекпе-жегінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнир жекпе-жегінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Алайда, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.

ММА-да өнер көрсеткеннен бері 30 жастағы Нурмагомедов 27 рет жеңіп (олардың 17-сі мерзімінен бұрын), күресу алаңында ешқашан жеңіліп көрмеген. Бүгінгі жекпе-жегі үшін ресейлік боксшы екі миллион доллар алса, МакГрегор 1 миллионға көбірек алған екен. Бұл ақшадан бөлек қосымша МакГрегор мен Нурмагомедов ақылы телевизиялық қызметтен түскен сомадан өз пайыздарын алады. 

Хабиб Нурмагомедов кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Конор МакГрегор 2016 жылдан бері UFC жарыстарына қатысқан жоқ. Оған дейін 21 рет жеңіске жетіп, 3 мәрте ұтылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети