Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Twitter желісінде әйеліне сөз тигізгені үшін Конор МакГрегорға жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Twitter желісінде әйеліне сөз тигізгені үшін Конор МакГрегорға жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін ирландиялық спортшы өзінің Twitter парақшасында Нурмагомедовтың әйелін "сүлгі" деп атап, оның қасына беті жасырынған жекпе-жек шеберінің суретін қойған. Кейін МакГрегор бұл жазбаны өшірген.
"Сен жәбірлеушісің. Өзінің іс-қимылына жауап бере алмайтын адамсың. Сен өз жазаңды аласың. Көретінің әлі алда", - деп жазған Нурмагомедов Twitter парақшасында.
Ресейлік спортшының менеджері Али Абдель-Азиздың сөзінше, МакГрегор тек Нурмагомедовтың әйелін ғана қорлап қоймай жарты миллиард мұсылманға тіл тигізді.
БАҚ мәліметінше, ирландиялық спортшыға зорлық жасады деп айып тағылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, спортшыдан ирландиялық полиция қызметкерлері жауап алып, кейін босатылғаны хабарланды.