Хабиб Нурмагомедов чемпиондық белбеуін қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов чемпиондық белбеуін қорғап қалды Хабиб Нурмагомедов. Фото: metaratings.ru©

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің кездесуі Абу-Даби қаласындағы UFC 254 турнирінде өтіп, екінші раундта аяталды. Нурмагомедов қарсыласын "үшбұрыш" әдісіне салып, жеңді. 

Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

? @Khabib_Nurmagomedov финишировал Дастина Гэтжи! #UFC254 #InAbuDhabi @VisitAbuDhabi

Публикация от UFC Russia (@ufcrussia)

Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса карьерасында үшінші рет жеңілді. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кешінде отандасымыз Шавкат Рахмонов та өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети