Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов (24-0) UFC 209 "уақытша" чемпионы атағы үшін америкалық Тони Фергюсонмен (22-3) өтуі тиіс болған жекпе-жегінің кейінге қалғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қолымнан келгенді жасап жатырмын, күн сайын жаттығамын. Таңнан кешке дейін жаттығамын - өмірімді арнадым. Жұдырықтасып, жанкүйерлерімді қуантқым келеді. Маған тәуелсіз нәрселерді орындай алмаймын", - деді ол.
Сонымен қатар, ол жанкүйерлеріне алғыс айтты. "Қолдап отырған жанкүйерлеріме, әкеме, бапкерлер штабына, спарринг-серіктестерге және достарыма алғыс айтамын. Басынан бері қасымда болғандарыңыз үшін рақмет. Барлығы қазір менімен бірге. Қолда барға шүкір етемін. Бастысы отбасың, туысың, жақындарың екенін білдім. Қалғаны айтарлықтай маңызды емес. Қолдағандарыңызға алғыс", - деп келтіреді Нурмагомедовтың сөзін vringe.com.
Еске салайық, Хабиб Нурмагомедовтың көп күттірген жекпе-жегі өтпей қалған еді. Спортшы әлсірегендіктен, салмақ өлшеу рәсіміне қатыса алмаған.