13 қыркүйек 2020 | 15:13

Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov© Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov©

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов кәсіби карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов кәсіби карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Хабиб Нурмагомедов қазан айында америкалық Джастин Гэтжимен кездеседі.

"Қашан аяқтайсың?" деген сұрақ көп. Адамдар менің жеңістерімнен шаршағанын түсінемін, жаңа бір нәрсені қалайды. Әзірге денем осал емес, одан сайын шынығып жатырмын, карьерамды аяқтауға қатысты нақты шешім жоқ. Мен әлі қарсылас бола алатынымды, өз салмағымда мықты бола алатынымды және ауыр жаттығуларды қабылдай алатынымды сеземін, кету туралы ойлаған да жоқпын.

Жай жаттығу және жоғары дәрежеде қарсыласу - екі нәрсе. Қандай да бір күтпеген жағдай болып қалмаса, әрдайым жаттыға беремін. Онсыз мен депрессияға түсемін, маған үнемі бірдеңе істеу керек - бассейн, велосипед, жүгіру. Әрдайым осылай болады. Бірақ үнемі форманың шыңына шығуға болмайды. Және өзімнің әлсірей бастағанмды түсінгенде - мен кетемін", - деп келтірді Хабибтің сөзін Sport24.

Қазір Хабиб Нурмагомедов БАӘ астанасында жаттығып жатыр. Ол 24 қазанда болатын UFC 254 турниріне дайындалып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети