Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жекке Роналдуды секундант қылып алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жекке Роналдуды секундант қылып алмақ

Жеңіл салмақта UFC ұйымының абсолют жеңімпазы Хабиб Нурмагомедов өзінің келесі жекпе-жегіне мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду секундант болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды sports.ru.

"Жақсы сұрақ, Роналдудан сұрайын. Маусым арасына дәл келсе, неге болмасқа, тырысып көруге болар. Болмаса, амал қанша", - дейді Нурмагомедов.

Нурмагомедов пен Роналду достық қарым-қатынаста. Ресейлік файтер футболшымен Instagram желісі арқылы танысқанын айтқан. Ақпанда спортшылар кездесіп, бір-біріне сый тартқан: ресейлік папаха (бас киім), ал португалиялық өзінің қол таңбасы бар футболка сыйлаған. 

29 жастағы Нурмагомедов сәуірде америкалық Эла Яквинтаны жеңіп, UFC чемпионы атанған. Ресейлік файтер жалпы 26 жекпе-жек өткізіп, әлі бір рет жеңілмеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети