21 маусым 2021 10:05

Хабиб Нурмагомедов Vesti.kz-ке эксклюзив сұхбат берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиб Нурмагомедов. Фото: MMA Fighting Хабиб Нурмагомедов. Фото: MMA Fighting

2020 жылдың қазанында кәсіби мансабын аяқтаған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Vesti.kz басылымына эксклюзив сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылдың қазанында кәсіби мансабын аяқтаған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Vesti.kz басылымына эксклюзив сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабиб Алматыда өткен Eagle Fighting Championship (ЕFC) лигасының 37-ші турнирінде құрметті қонақ болды. Ұйым 2020 жылғы желтоқсаннан бері спортшыға тиесілі. Іс-шара 18 маусым, жұма күні өткен еді.

Хабиб сұхбат барысында Алматыға сапары, ЕFC лигасының жергілікті файтерлері туралы бірнеше сұраққа жауап берді, сондай-ақ UFC аясында өнер көрсететін қазақстандықтар туралы да пікірін айтты. 

- Хабиб, Қазақстанға қош келдіңіз! Бұл елімізге алғашқы сапарыңыз емес, бірақ алғаш рет EFC лигасының иесі ретінде келдіңіз. Бұрын GFC шоу өткізген, бірақ EFC - бұл жаңа лига, жаңа бастама. Бұл турнирдің ұйымдастырылуы туралы не ойлайысыз? 

Иә, мұнда бірінші рет емеспін және соңғысы да емес деп үміттенемін. Қазақстанға тағы келеміз, бірақ елдің басқа бөлігі - Атырау қаласына. Оны қазан-қарашаға жоспарлап отырмыз. Қазақстанға келіп турнирлер өткізу әрқашан жақсы әсер қалдырады. Бірақ тек ол емес. Мен бірнеше жыл бұрын да кейбір іс-шараларға келгенмін. Мұнымен бесінші-алтыншы рет Алматыға келдім. Әрдайым жылы, жақсы қарсы алады.

- Сіз келесі сұрағыма ішінара жауап бердіңіз. Баспасөз мәслихатында 2021 жылдың соңына дейін тағы бір турнир өткіземіз дедіңіз. Турнир өткізуге Атыраудан басқа қалаларды қарастырасыз ба? Мүмкін, ел астанасы - Нұр-Сұлтанда?

Нұр-Сұлтанда өткізуге болар еді. Бірақ Атаруда біздің достарымыз бар. Олар Атырауда өткізгенімізді қалайды (күлді). Жанкүйерлер күтіп жүр. Иә, бұл кезек тәрізді. Егер оны солай атауға болса. Келесі турнир Дағыстанда, кейін Бішкекте, Нижний Новгородта, Татарстанда өтеді... Грузиямен Тбилисиде турнир өткізу туралы келісім жасастық. Содан кейін Атырауға келуіміз мүмкін.

- UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтерлер туралы айтсаңыз. Сіздің кезіңізде Руслан Сариев белбеу үшін күрескен, бірақ, өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Жасұлан Әкімжан туралы да атап өттіңіз. Сіздің лигаңызда өнер көрсететін қазақстандық файтерлердің ілгерілеуі туралы не айтасыз?

Жасұлан мен Сариев дамып келеді. Олар біздің лиганың түлектері, жақсы өнер көрсетеді. Сариев белбеу үшін күресте сәтсіздікке ұшырады, бірақ ол тамызда жеңетін болса, онда Атырауда титул үшін реванш өткізуге болады. Өйткені ол, менің білуімше, сол жердің тумасы. Бүгін Жасұлан да алаңға шығады, қарап, жанкүйер боламыз (сұхбат Әкімжанның EFC 37-дегі жекпе-жегіне дейін алынған. - авт.ескерт.). Мен де оған жанкүйер боламын. Егер ол жеңсе, онда ол белдікке үміткер болады. Бұл ол Қазақстаннан болғандықтан және біз мұнда турнир өткізетіндіктен емес. Ол соған лайық. Егер ол жеңсе, келесі үміткер болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети