06 желтоқсан 2019 | 09:13

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Қазақстан арқылы АҚШ визасын алғысы келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі RT телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Қазақстандағы консулдығы арқылы америкалық виза алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі RT телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Қазақстандағы консулдығы арқылы америкалық виза алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыға Абдулманап Нурмагомедов 22 желтоқсанда келеді. Бұған дейін ол бірнеше рет АҚШ визасын алғысы келген, алайда оған рұқсат берілмеген. 

"Алуға тырысып жатырмын. Құжаттар Қазақстанға жіберілді. Шақыртуын күтіп жатырмын. 22-сі күні Алматыда боламын. Әңгімелесуден өтемін деп үміттенемін", - деп келтіреді Нурмагомедовтің сөзін "Чемпионат. "

Нурмагомедов АҚШ-қа ұлының 18 сәуірде Нью-Йоркте америкалық Тони Фергюсонмен өткізетін жекпе-жегіне барғысы келеді. 

Ресейлік файтер жеңіл салмақта чемпион титулын қорғайды. Нурмагомедовтің ММА-де осыған дейін 28 кездесуде 28 жеңісі бар, Фергюсонның болса 28 жекпе-жекте 25 жеңісі бар. Олардың кездесуін UFC осымен бесінші рет ұйымдастырып жатыр - бұған дейін төрт рет жарақатқа байланысты кездесу өтпей қалған. 

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы ММА турниріне келеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети