Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның жекпе-жегі өтпейтін болды, - деп хабарлайды Allboxing.ru.
Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның жекпе-жегі өтпейтін болды, - деп хабарлайды Allboxing.ru.
ММА әлемінде маңызды саналатын жекпе-жек ресейліктің денсаулығына байланысты кейінге қалдырылған. Жеңіліп көрмеген екі спортшының кездесуі 4 наурызда Лас-Вегаста UFC 209 турнирінің аясында өтуі тиіс болған.
Алайда салмақ өлшеу рәсіміне үш сағат қалғанда ресейлік спортшы ауруханаға түсіп қалды, себебі ол салмақ тастаймын деп, әлсіреп қалған.
"28 жастағы Хабиб Нурмагомедов бейсенбіде кешкі уақытта салмақ тастаудан әлсіреп, медициналық орталыққа жеткізілді. Ол жәрдем көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Жекпе-жек дәрігердің кеңесінен кейін кейінге қалды", - делінген UFC мәлімдемесінде.