Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Подобедованы 8 жылға шеттетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Подобедованы 8 жылға шеттетті Светлана Подобедова. © REUTERS

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) допинг-сынамаларында тайым салынған заттардың іздері анықталған қазақстандық үш ауыратлетке қатысты шара қолдану туралы ресми шешім шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) допинг-сынамаларында тайым салынған заттардың іздері анықталған қазақстандық үш ауыратлетке қатысты шара қолдану туралы ресми шешім шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

IWF тәртіптік-бақылау комитетінің шешімі бойынша Светлана Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді. Ал Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жыл жарыстарға қатыспайтын болады. Бұл шешім спортшылардың қанынан допингтің бар екені анықталғаннан күннен бастап есептеледі. Мұны ескеретін болсақ, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2018 жылдың маусым айынан бастап жарыстарға қатыса беруіне мүмкіндіктері бар. Ал Светлананың 7 жылдан кейін спортқа оралып, жарыстарға қатысуы екіталай.

Спортшылар жарыстардан шеттетіліп қана қоймай, осыған дейінгі рекордтары мен чемпиондық атақтарын кері қайтарады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығының қолдауымен құрылған қорғаушылар мен зерттеуші мамандар тобы қазақстандық спортшылардың допинг сынамаларын қайта қарап, зерттеудің барлық кезеңінде спортшыларды қолдау мақсатында өз нәтижелерін ұсынған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети