Жақында Хорватияның Дубровник қаласында Халықаралық күрес федерациясының (FILA) бюросы осы ұйымның атауын өзгертіп, жаңа логотип бекітетіні жөнінде шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бюро мүшелері Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling – UWW) деген атауға тоқталып, оған басым көпшілігі дауыс берген. Енді Халықаралық күрес федерациясының жаңа атауы мен логотипі 7 қыркүйек күні FILA Конгресінде түпкілікті бекітілуі керек.
Аталған Конгресс күрес түрлерінен Өзбекстан астанасында өтетін әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылады. Конгресте бекітілген бетте FILA жаңаша UWW болып өзгертіледі.
Оған дейін FILA-ның тапсырысы бойынша OLIVE GROVE компаниясы Біріккен күрес әлемі ұйымының жаңа логотипін жасап шығарады.
Халықаралық күрес федерациясының (FILA) президенті Ненад Лалович бұл жөнінде былай деп түсініктеме берді: "Мұндай қадамға бүкіләлемдік ауқымды бренд құру үшін барып отырмыз. Жаңа бренд өзінің Олимпиадалық мәртебесіне қайта қол жеткізген ұйымның қағидалары негізінде, күрес өнерінің барлық құндылықтарын бойына сіңіруі керек. Осылай іші-сыртымызды сәйкестендіру арқылы күрестің болашағын рухтандыруға тағы бір мүмкіндігіміз туындайды."