ХОК басшысы Олимпиадаға бойкот жариялаған елдерге қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХОК басшысы Олимпиадаға бойкот жариялаған елдерге қатысты пікір білдірді Сурет ©REUTERS

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Бейжіңдегі ойындарға АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания және Канада тарапынан дипломатиялық бойкот жарияланғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Бейжіңдегі ойындарға АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания және Канада тарапынан дипломатиялық бойкот жарияланғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Бах Олимпиада ойындарына шенеуніктердің емес, спортшылардың қатысуы маңызды екенін айтты.

"Спортшылар сонда болса, оларды ұлттық үкіметтері қолдаса жарайды. Қалғаны - саясат. Мемлекеттік шенеуніктердің болуы - әр Үкіметтің таза саяси шешімі", - деді Бах.

Агенттік мәліметінше, АҚШ конгресінің мүшелері мен құқық қорғау топтары бірнеше ай бойы шақырған дипломатиялық бойкот екі елдің қарым-қатынасын тұрақтандыруға күш салынғанына, соның ішінде Джо Байден мен Си Цзиньпиннің видео кездесуі өткеніне қарамастан жалғасып жатыр.

"ХОК әрқашан спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына алаңдайды. Үкімет тарапынан олимпиадашыларға қолдау көрсетілгенін құптаймыз. Бұл спортшыларға сенім ұялатады, ХОК үшін бұл өте маңызды", - деді ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында.

Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылы 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Бұған дейін Ақ үйдің өкілі Джен Псаки АҚШ билігі Қытайдағы қысқы Олимпиадаға қатыспайтынын айтқан болатын. Одан кейін Аустралия, Жаңа Зеландия, Канада және Ұлыбритания да дипломаттарды ойындарға жібермеуге шешім қабылдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети