Халықаралық ауыр атлетика федерациясы ресми сайтында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан 16 атлетті шеттету және нәтижесін жою туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы ресми сайтында 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан 16 атлетті шеттету және нәтижесін жою туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
16 спортшының қатарында қазақстандық бес спортшы бар. Олар Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седов (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған).
Ал осыған дейін ХОК қазақстандық үш ауыратлетті 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медальдарынан айырған болатын. Олар Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова. Әзірше Илья Ильиннің мәселесі шешілген жоқ. Қазақстандық ауыратлет 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда алтын медаль алған болатын. Бірақ екі Олимпиада ойындарындағы тапсырған сынамасынан допинг табылған еді.