28 ақпан 2014 10:38

Хоккейден ұлттық құрамалардың жаңа рейтингі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: uka-hockey.kz  Сурет: uka-hockey.kz

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Сочиде өткен ХХІІ қысқы Олимпида ойындарынан кейін құрамалар арасындағы рейтингті қайта түзді. Жаңадан тізілген тізім бойынша Қазақстан ерлер құрамасы 17 сатыға жайғасса, әйелдер құрамасы 15 орынға тұрақтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бұл рейтингте құрамалардың соңғы Сочи Олимпиадасындағы көрсеткіштерімен 2010-2013 жыл аралығындағы әлем біріншіліктерінде еншілеген жалпы ұпайлары есептелген. Жаңа тізім бойынша көш басында Швеция құрамасы келеді. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлерінің қоржынында 4000 ұпай бар. Екінші орында 3905 ұпайлары бар Финляндия құрамасы болса, Канада құрамасы жаңа тізімде бесінші орыннан үшінші орынға көтеріліпті. Ал, Сочи Олимпиадасынан сырт хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бұл тізімде 17 орынға тұрақтапты. Біздің команданың еншісінде 2900 ұпай бар. Жаңа тізімде үздік нәтиже көрсеткен командалар ретінде Словения мен Корея құрамалары көрсетіліпті. Олимпиада ойындарының ширек финалына дейін жеткен словениялықтар 17 сатыдан 14 сатыға жоғары секірген. Ал, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қожайындары Корея құрамасы 25 орыннан 23 орынға шыққан. Әйелдер арасында бірінші орынды Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Канада құрамасы сақтап келеді. "Үйеңкі жапырақты" елінің қоржынында 2960 ұпай бар. Екінші орынға АҚШ құрамасы жайғасыпты. Оларда 2940 ұпай болса, 2720 ұпай жинаған Швейцария әйелдер құрамасы үздік үштікті қортындылап тұр. Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы болса 2110 ұпаймен тізімнің 15 сатысында келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети