Якутияның Олимпиада чемпионы Қазақстан құрамасының өкілін итеріп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Якутияның Олимпиада чемпионы Қазақстан құрамасының өкілін итеріп жіберді © Видео кадры

Якутияның Олимпиада чемпионы, "Триумф" спорт кешенінің жетекшісі Павел Пинигин еркін күрестен халықаралық турнир кезінде Қазақстан құрамасының мүшесін суретке түсірмей, итеріп жіберді, - деп хабарлайды News.ykt.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Якутияның Олимпиада чемпионы, "Триумф" спорт кешенінің жетекшісі Павел Пинигин еркін күрестен халықаралық турнир кезінде Қазақстан құрамасының мүшесін суретке түсірмей, итеріп жіберді, - деп хабарлайды News.ykt.ru.

Басылымның мәліметінше, Қазақстан құрамасының өкілін Пинигин турнир жеңімпаздарын марапаттау сәтінен кейінгі суретке түсу шарасында итеріп жіберген. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. 

Якутияның спорт министрі Михаил Гуляев NVPress басылымына берген сұхбатында марапаттау сәтінде артық адамдардың болмауы керектігін айтты. "Жас спортшы өзінің жас екенін ұмытып кеткен болуы керек. Павел Павлович шараның жетекшісі ретінде оған спорт әдебінің ережесін еске салды", - деді Гуляев. 

Ал Панигин бұл оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді: "Марапаттау сәтінде суретке түсіріп жатқан кезде Қазақстан құрамасының өкілі кадрға ұятты ұмытып кіріп кетті. Мен оған ары тұруы керектігін айтып, ескерту жасадым, Бірақ ол тыңдамады. Оны итеруге тура келді".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети