Илья Ильин мансабын қашан аяқтайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин мансабын қашан аяқтайтынын айтты © Сonfederation.kz

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин спорттағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин спорттағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше қазақстандық спортшы докторлық диссертациясын қорғады. Баспасөз мәслихатында ол мансабын 32 жасында аяқтайтынын айтты. "Ғылыми кеңесшіммен кездесіп, Академияда екі-үш сағат отырдық, бірге дайындалып, сараптама жасадық. Бұл менің бапкерлік жолдағы алғашқы қадамдарым. Шынымды айтсам, 32 жасымда спортшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де мансабымды аяқтағым келеді. Ары қарай өз командамда менеджер ретінде жұмыс істеу ойымда бар", - деді 27 жастағы спортшы.

Чемпион Грозныйда әлем рекордын жаңартуға ненің әсер еткенін де айтып берді. "Әнұранды шатастырып алғандарына көңіл бөлмеңіздер. Шын мәнінде Шешенстанда бізді дос, бауыр ретінде өте жақсы қарсы алды. Оларға ешқандай өкпеміз жоқ. Біздің қасымызда үнемі адамдар жүрді, қонақүйге дейін көлік тауып берді. Жаттығу жасайтын алаңдары да жақсы болды. Егер Риода да осындай атмосфера болса, үшінші алтын жүлдені міндетті түрде аламын. Қазір барлығы мені жұлқа көтеруде 250 келіні еңсереді деп болжап отыр. Дегенмен жасырғым келмейді. Бастысы, қандай нәтижемен болса да жеңіске жету", - деді Ильин.

Айта кетейік, сейсенбі күні ауыратлет философия ғылымдарының докторы атанды, ол докторлық диссертацияны сәтті қорғап шықты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети