Ауыратлет Илья Ильин дисквалификациядан кейін бірінші рет жарысқа шығып, 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыратлет Илья Ильин дисквалификациядан кейін бірінші рет жарысқа шығып, 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Талдықорғанда өтіп жатқан жарыста екі жаттығу қорытындысы бойынша Ильин 380 (172+208) келі көрсеткішке ие болды.
96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір қызылордалық 25 жастағы ауыратлет Рүстем Сыбай ел чемпионы атанды. 2015 жылғы Азия чемпионы екі жаттығу қорытындысында 378 (171+207) келі жинады.
Бұл Қазақстан чемпионаты Ильин үшін 2015 жылы желтоқсанда өткен жарыстан кейінгі бірінші додасы. Ол кезде ауыратлет Грозный қаласында РФ президентінің кубогын жеңіп алып, екі рет әлем рекордын орнатқан еді.
Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допингке байланысты айырылып, IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептелді.
Ал Қазақстан құрамасы IWF қамқорлығымен өткізілетін жарыстардан бір жылға шеттетілген. Шеттету мерзімі 2018 жылы 19 қазанда аяқталады.