Ильин Катарда өтіп жатқан турнирде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ильин Катарда өтіп жатқан турнирде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады © REUTERS

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильин Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады, - деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильин Дохада өтіп жатқан Олимпиада-2020-Катар кубогы лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, тұғырға шықпады, - деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы өзінен бөлек 11 спортшы қатысып жатқан 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарысқа қатысуы керек болған. Жұлқа көтеруден ең ауыр тапсырыс - 180 келіні Ильин сұратқан. Ал серпе көтеруден - 215 келі, мұндай тапсырыс тек украиналық Дмитрий Чумакта болған.

Жұлқа көтеру үшін тұғырға шығар алдында Ильиннің жарысқа қатысудан бас тартқаны анықталды. Себебі әлі белгісіз.

Еске салайық, Ильин спорттан шеттетілгеннен кейін биыл Қазақстан чемпионатын жеңген соң қайта оралды. Кейін бапкерлік штаб спортшыны Ашхабадта қарашада өткен 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамаға қосқан еді.

Ильин 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі керек болған. Алайда дәрігерлер омыртқасындағы ақауға байланысты емделуге уақыт керегін хабарлады. Нәтижесінде Ильин 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алмады. Кейінірек Ильин Токиода өтетін 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарынан алтын медаль алып, спорттан кеткісі келетінін мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети