Ильин мен Чиншанло Олимпиада алтындарынан айырылуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ильин мен Чиншанло Олимпиада алтындарынан айырылуы мүмкін - БАҚ © РИА Новости

Бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің алтын медалінен айырылып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы алдында дисквалифициялануы мүмкін екенін хабарлады. Италиялық OAsport.it сайты азиялық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып осыны мәлімдеді, - деп жазды Vesti.kz.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионының қанынан Лондон Олимпиадасы кезінде алынған сынама спортшының допинг қолданғанын көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Зүлфия Чиншанлоның қанынан да допинг табылды деген ақпараттың тарағаны хабарланған болатын. Енді ол да Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін.

Бұл мәселелерге қатысты қазақстандық тарап әзірше ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети