Ильин мен Ниязымбетов Рио-2016 Олимпиадасының стипендиясын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ильин мен Ниязымбетов Рио-2016 Олимпиадасының стипендиясын алды Илья Ильин. ©REUTERS

Қазақстандық спортшылар "Олимпиада ынтымақтастығы" бағдарламасының аясында Рио-2016 Олимпиадасы стипендиясына ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшылар "Олимпиада ынтымақтастығы" бағдарламасының аясында Рио-2016 Олимпиадасы стипендиясына ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына сілтеме жасап.

Жалғасы

Бүгінге дейін қазақстандық спортшыларға Рио-2016 Олимпиадасының 29 стипендиясы бөлінген. Оны алушылардың қатарында мына спортшылар бар: боксшылар Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы, ауыратлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, әйелдер арасындағы күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Гүзел Манюрова, дзюдошылар Максим Раков, Азамат Мұқанов, таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев және Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының өкілдері. Конфедерацияның жалпы 16 спортшысы Рио-2016 Олимпиада стипендиясына ие болды. Стипендия алғандардың толық тізімімен мына жерде танысып шыға аласыздар.

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді. Бұған дейін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев қазақстандық спортшылардың Рио-2016 Олимпиадасына жасайтын дайындығына ерекше назар аударуына тапсырма берген болатын. "Төртжылдықтың басталуына 2 жыл қалды, осы кезеңде сіздер спортшылардың Олимпиада ойындарына деген дайындығында жемісті еңбек етулеріңіз керек", - деді Құлыбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети