24 желтоқсан 2017 10:30

Ильин - "оттық". Оның жаттығу кезіндегі билері әрдайым көңіл көтереді - Ұланов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Ұланов. © Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі Денис Ұланов. © Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Ауыр атлетика бойынша Универсиада-2017 чемпионы, қазақстандық Денис Ұланов Илья Ильинның командадағы рөлін сипаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетика бойынша Универсиада-2017 чемпионы, қазақстандық Денис Ұланов Илья Ильинның командадағы рөлін сипаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұланов Ильин ісіне қатысты шешімді қалай қабылдағанын айтты.

"Мен бұл жөнінде чаттан білдім, ақпарат хабарлама түрінде келді. Қателеспесем, Александр Зайчиков тобымызға жазды. Өз басым Ильин үшін қатты қуандым. Ақыры бәрі аяқталды. Енді Олимпиадаға ғана емес, өзге де жарыстарға қатысуға мүмкіндік бар", - деді зілтемірші.

Сонымен қатар, Денис Ұланов Илья Ильинның командадағы рөлін сипаттады.

"Ол "оттық" сияқты. Ұзақ дайындықтан кейін шаршап, басың салбырап, залға жаттығуға келсең, мұнда Илья келеді, билеп. Барлығын "жандырғысы" келеді. Бірден көңіл-күйің көтеріледі. Ол әрдайым жан рахаты үшін дайындалады. Оған қарап тұрсаң, қызық, алған бетінен қайтпайды, тіпті көтере алмаса да, бәрібір билеп жүреді. Онымен жаттығу әлдеқайда жеңіл", - деді Ұланов.

Бір сөзбен айтқанда, бәріміз де жұмысымызды жалғастыра береміз. Биылғы жылдағы қолдауларыңыз бен алаңдаушылықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет. Мол бақыт пен зор денсаулық тілеймін. Бәрімізде барлығы жақсы болсын.

Еске салайық, 29 жастағы Илья Ильин екі жыл бұрын допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген еді. 2018 жылдың 10 маусымында шеттеу уақыты аяқталып, спортшының 2020 жылғы Токио Олимпиадасында өнер көрсете алатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети