Ильин шеттетілгеннен кейін Назарбаевпен арада болған әңгімені айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған әңгіме жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған әңгіме жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлемнің төрт дүркін чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин 10 маусымда допинг дауына қатысты шеттету мерзімі аяқталғанын мәлімдеді. 

"Президент Нұрсұлтан Әбішұлына - рухы бір әкеме алғыс айтқым келеді. Мен үшін қиын кезеңде, былтыр, EXPO-2017 кезінде көрістік. Мені өзіне шақырып алып, айтқаны: "Бәрі дұрыс, сен мен үшін чемпионсың. Алаңдама бәрі жақсы болады, мен саған сенемін". Бұл сөз маған үлкен қолдау болды, оған алғысым шексіз. Ол қиын сәттерде қолдап келеді. Мен үшін ол кісі Президент қана емес, рухы бір адам", - дейді спортшы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде. 

Сонымен бірге, Ильин қолдау үшін қазақстандықтарға алғысын білдіріп, спортқа оралғанына жақында өткен туған күнінен артық қуынғанын жеткізді. 

"Осы күнді асыға күттім. Кеше күш қосылғандай болды, өйткені сүйікті ісіме оралдым. Қатты күттім. Жеңілдеп қалдым, көңіл-күй көтеріліп, жүріп-тұруым еркіндеді. Кезекті рет ауыр атлетикаға тоймағаныма көзім жетті", - деп атап өтті Ильин. 

Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допинге байланысты айырылып, IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептелді. 

Ал Қазақстан құрамасы IWF қамқорлығымен өткізілетін жарыстардан бір жылға шеттетілген. Шеттету мерзімі биыл 19 қазанда аяқталады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro