21 маусым 2016 11:49

Ильиннің тағдыры тәртіптік комиссияның таяуда өтетін тыңдауында шешіледі - ААФ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. © Getty Images Илья Ильин. © Getty Images

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған қанынан допингтің табылуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлдайды Vesti.kz


Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған қанынан допингтің табылуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлдайды Vesti.kz

"Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарламасына сәйкес, ауыратлет Илья Ильиннің Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында тапсырған допинг-сынамасынан тыйым салынған зат табылған (станозолол). Осыған дейін, 10 маусымда спортшы антидопинг заңнамасын бұзған болуы мүмкін делінгендіктен спорт жарыстарына қатысудан шеттетілген еді.

Спортшының Олимпиададағы марапаттарының тағдыры және алдағы Рио Олимпиадасына қатысу-қатыспау мәселесі Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясының тыңдауында шешіледі. Бұл тыңдау таяу уақытта өтеді", - делінген мәлімдемеде. 

Сонымен қатар, мәлімдемеде Бүкіәлемдік Антидопинг Агенттігінің Кодексіне сәйкес, 2,1-бабы бойынша спортшы ағзасына түсетін затқа өзі жеке жауапкершілік алады. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиала комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен атлеттерге өз заңды құқықтарын қорғауға барлық деңгейде және процесстің барлық кезеңінде құқықтық көмек көрсетеді. Әрбір құқықтық кезеңнің қорытындысы бойынша ҚР ААФ БАҚ-ға мәлімет таратып отырады", - делінген мәлімдемеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети