16 маусым 2016 | 16:54

Илья Ильин допинг қолданды дегенге сенбеймін - Серік Сәпиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәпиев. © Instagram Серік Сәпиев. © Instagram

Бокстан Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, "Астана Арланс" клубының басшысы Серік Сәпиев Илья Ильиннің спорттан шеттетілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, "Астана Арланс" клубының басшысы Серік Сәпиев Илья Ильиннің спорттан шеттетілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Илья допинг қолданды дегенге өз басым сенбеймін. WADA алдыңғы Олимпиадаға қатысқандардан 5000 сынама алды. Біздің спортшылар допинг қолданды деген күдік бар. Оларды Рио Олимпиадасына қатыстырғысы келмеуі мүмкін. Ильиннің допинг қабылдауы мүмкін емес. Оны соңына дейін қолдаймын. Қанынан тыйым салынған препарат анықталмайды деп үміттенемін. Допингке қарсы агенттік де дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін", - деді ол.

"Мен Илья Ильинді көп жылдан бері танимын. Оның допинг қолданғанбағанына сенімдімін. Әрі жоғарғы деңгейдегі спортшыға бұл керек емес. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік пен Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін күтеміз", - деп сөзін жалғады боксшы.

Сәпиев мұндай жанжалдың кім үшін тиімді екенін де айта кетті. "Осындай жолмен кейбір тараптардың болашағы бар спортшыларды спорттан шеттеуі мүмкін екені жасырын емес. Өз спортшыларын ілгері жылжытқысы келеді. Сондықтан да бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп үміттенейік", - деді Сәпиев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети