Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Илья Ильин екі бірдей рекорд жаңартып, жеңісін Тәуелсіздік күніне арнады

13 Желтоқсан 2015, 01:50
8
Илья Ильин Ресей президентінің кубогында. © ria.ru
Илья Ильин Ресей президентінің кубогында. © ria.ru

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин РФ Президенті Кубогында алтын медаль жеңіп алды. Ол бұл жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал Александр Зайчиков екінші орын алды.

Жұлқа көтеру жаттығуында Ильин 184 келіні сәтті көтерді, алайда екінші мүмкіндігінде 188 келіні еңсере алмады. Бұдан кейін ол 191 келіге тапсырыс беріп, дегеніне жетті. Зайчиков болса үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, оның үшіншісінде 190 келі көтерді. Жұлқа көтеру қорытындысында Ильин бірінші, ал Зайчиков екінші орында тұрды. 

Серпе көтеруде Зайчиков бастапқыда 210 келіні еңсерді. Екінші мүмкіндігінде 220-ны, ал шешуші сәтте 226 келіні еңсерді. Ильин өз кезегінде бастапқыда 225 келіні, кейін тағы алты келі қосқышып, штанганы басынан асырды. Екінші мүмкіндігінде 246 келіге тапсырыс берді. Бұл - әлем рекорды. Қазақстандық үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Екі жаттығудың қорытындысында Зайчиков 416 келіні жинады, ал Ильин 437 келіні жинап, тағы бір әлем рекордын жаңартты. 


© "Қазспорт" арнасының кадрлары

Алайда марапаттау рәсімінде жарыстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының ескі әнұранын қойып, кейін Илья Ильиннің дереу жасаған ескертуінен кейін қазіргі әнұранды қойды.

Айта кетейік, РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы осыған дейін екі медальға ие болған еді. Бұған дейін 94 келіге дейінгі салмақта Денис Ұланов пен Светлана Подобедова 75 келіге дейінгі категорияда күміс жүлде алған болатын. Сонымен, Қазақстан құрамасы төрт медаль алып қайтты.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (8)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай