27 желтоқсан 2019 | 17:17

Илья Ильин ең сәтсіз өнер көрсеткен жарысы туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төртдүркін әлем чемпионы, қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Дохада лицензиялық Катар Кубогында неліктен сәтсіз өнер көрсетуінің жауабын тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Төртдүркін әлем чемпионы, қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Дохада лицензиялық Катар Кубогында неліктен сәтсіз өнер көрсетуінің жауабын тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Instagram желісіндегі парақшасында ол қандай жағдайда спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтты. 

"Бірнеше күн мен эфирде болмадым, оның өзіндік себебі бар. Шынымды айтсам, жарыстан кейін көңіл-күй түсіп кетті. Қандай қорытынды шығару керектігін мен білмеймін, мүмкін, салмақ қуу әсер етті, мүмкін өнер көрсетуге шыққанымда менде бірдеме өзгерді, жұмсақ бола бастаған сияқтымын, жинақтала алмаймын, мен ішімде отырған жыртқышты шығара алмадым. Мен айқаса алмаймын, мүмкін салмағым дұрыс емес шығар. 165-ке жақындаймын да аз ба деп ойланымын әлде маған бірдеңе болған... Әзірге түсінбеймін.

Сіздерге ашығын айтайын. Менің өмірімдегі ең сәтсіз өнер көрсету Дохада болды деп ойлаймын. Бұл немен байланысты екенін мен айтып бергенмін. Бұл біздің команданың пікірі. Көңіл-күй түсе берді, түсе берді. Одан кейінгі жоспарлар - эмоционалдық күш-жігерімді қолға алдым дей алмаймын. Ендігі міндет - ең жоғары міндет - Өзбекстанда, кейін Нұр-Сұлтанда сәтті өнер көрсету", - деді спортшы.

"Егер мен нәтижелер бойынша да, ұпай бойынша да өтпесем, онда тұғырмен қоштасамын, себебі Олимпиадаға түспеймін, ал келесі цикл... Менің ішімде қандай да бір пайыз "иә, мен тағы бір цикл өнер көрсете аламын" - дейді, ал басқа пайыз маған былай дейді: "Тыңда, Илья, сенде, мүмкін, басқа да көптеген қызықты істер болатын шығар осы өмірде". Шынымды айтсам, мені тұғырдан итеріп жатқан сияқты. Ауыр атлетика әлемі, яғни мені бала кезінен білетін менеджмент: "Біздің отбасымызға қош келдіңіз. Кел, пиджак киіп, бізбен жұмыс істе", - деді ол.

Ильин Дохадағы адамдар оны үлкен құрметпен қарсы алғанын атап өтті.

"Міне, мен осындай қорытындыға келдім, мүмкін, маған тұғырда соңғы 12 рет көтеру қалған шығар. Ал, Олимпиада ойындарында тағы алтауы бар. Көктегі жұлдыздарды ұстауға асықпаймын, позитив сейілді, енді қалайда бар күш-жегірді салып өнер көрсетуім керек. Жеңіске не басқаға үмітті болу үшін емес. Олимпиада ойындарына жеткеннің өзі жеңіс болар еді. 

Тағы да барлығыңызға көп рахмет айтамын, Өз өзіме ұқсамай кеттім, тіпті тікелей эфирде сізге сәлем де бермедім. Сондықтан осы 40 күн бойы өзімді іздеймін - ескі Ильяны. Бірақ менің ойымша, егер Мен сәл артық көтерсем, қанаттарым жайылары еді деп ойлаймын. Ең болмағанда 180-220 көтеру керек, қазір осы бағытта жұмыс істеймін. Осыны жүзеге асыру қажет.

Тағы да қолдайтындарға, жақсы көретіндерге, бағалайтындарға, қазір менде қандай қиын жолды түсінетіндерге, менің еңбегімді құрметтейтіндерге рақмет. Қазір мен Мәскеуде фитнес-орталықта жүрмін, алғашқы жаттығуларға келдім, таңғы астан кейін менің семинарым бар. Жаңа жыл құтты болсын достар! (...) Өзіме не тілесем, сіздерге де соны тілеймін! Мен жұмыс істеуге кеттім", - деді Ильин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети