21 шілде 2014 | 11:00

Илья Ильин Храпатый турнирінде топ жара алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyin4ever Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyin4ever

Қазақстандық ең даңқты ауыр атлет Илья Ильин Алматыда өткен Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирде топ жара алмады. Vesti.kz тілшісінің хабарлауынша, бұл Ильиннің Лондон Олимпиадасынан кейін қатысқан бірінші ірі турнирі болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ең даңқты ауыр атлет Илья Ильин Алматыда өткен Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирде топ жара алмады. Vesti.kz тілшісінің хабарлауынша, бұл Ильиннің Лондон Олимпиадасынан кейін қатысқан бірінші ірі турнирі болды. 

94 келі салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанған Ильин Лондон Олимпиадасынан кейін 105 келіге дейінгі салмаққа ауысқан еді. Бірақ Анатолий Храпатыйды есте түсіруге арналған турнирде ол 105 келіден ауыр салмақта өнер көрсетті. 

Нәтижесінде әлемнің үш дүркін чемпионы 424 келі бағындырып, екінші орын алды. Бұл салмақта бірінші орынды Ибрагим Берсанов иеленді. Оның көрсеткіші - 429 келі. Ал үздік үштікті Зелімхан Әубәкіров түйіндеді. Аса ауыр салмақта топ жарған Ибрагим Берсанов 429 келі жинап жинап, қоссайыста, жұлқа және серпе көтеруде Қазақстанның рекордын жаңартты. 

Айта кетейік, ауыр атлетиканадан Анатолий Храпатыйды еске түсуріге арналған турнирдің қорытындысы бойынша Азия ойындары мен қазан айында Алматыда өтетін әлем біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталатын болады. 

Илья Ильин - 94 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруден (233 келі) және қоссайыс бойынша (418) әлем рекордының иегері. Ол екі дүркін Олимпиада ойындарының, үш дүркін әлем және екі дүркін Азия ойындарының чемпионыы. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети